Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Пенальти қайтарған Темірлан Анарбеков КЛ үздік 3 қақпашысының қатарына енді

0
Футболдан Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Конференция лигасының алғашқы матчінде командасын жеңілістен құтқарып, турнирдің үздік қақпашыларының қатарына енді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық ұжым Конференция лигасындағы жолын Латвияның "Рига" командасына қарсы сырт алаңдағы ойынмен бастады. Алғашқы 12 минуттың ішінде-ақ командалар гол алмасып үлгерді, кейін "Қайрат" қақпасына 11 метрлік айып соққысы белгіленді.
Латвиялық клубтың ойыншысы Бадамоси қақпаның оң жақ бұрышына соққы бағыттағанымен, Темірлан Анарбеков допты қағып алып, бұл дуэльде жеңімпаз атанды.
Темірлан қайтарылған пенальтиден бөлек, өз командасын тағы бірнеше рет қауіпті сәттерден құтқарып, жалпы 7 сейв жасады. Нәтижесінде SofaScore статистикалық порталының нұсқасы бойынша матчтің үздік ойыншысы атанды.
Скриншот: sofascore.com
Сенімді ойынының арқасында Анарбеков соққыны қайтару көрсеткіші бойынша турнирдің топ-3 қақпашысының қатарына кірді. Алғашқы матчте бұдан көп сейвті тек Фарер аралдарының "Линкольн Ред Имп" клубының қақпашысы Хенкинс қана жасады – ол норвегиялық "Браннмен" өткен ойында командасын 9 рет құтқарғанымен, бұл оларды 1:2 есебімен жеңілуден сақтап қала алмады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Анарбеков Чемпиондар лигасында да ерлеген болатын
Айта кетейік, Темірлан еурокубоктарда "Қайрат" сапында пенальти қайтаруды бірінші рет көрсетіп отырған жоқ. Өткен жылы оның "Селтикке" қарсы пенальти сериясындағы ерлігінің арқасында команда алғаш рет турнирдің негізгі кезеңіне шығып, Алматыға мадридтік "Реалды" алып келген еді.
Өткен негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық қақпашы Flashscore порталының нұсқасымен Чемпиондар лигасының символикалық құрамасына енді. Ол алты матчте 34 сейв жасап, турнирді соққыларды қайтарудың 72,3 пайыздық көрсеткішімен аяқтады.
Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасы тарихында матчтің үздік ойыншысы жүлдесін иеленген алғашқы қазақстандық атанды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Қазақстан 2026/2027 жылғы еурокубоктарда
Алматылық "Қайрат" – биыл еурокубоктардың негізгі кезеңіне жолдама алған жалғыз команда. "Астана", "Елімай" және "Тобыл" іріктеудің ерте кезеңдерінде жарыс жолынан шығып қалды.
"Қайраттың" Конференция лигасындағы келесі ойыны 22 қазанда өтеді – Алматыға грекиялық "Панатинаикос" келеді. Олар турнирді босниялық "Борацты" өз алаңында жеңумен (2:1) бастаған болатын.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Чемпиондар лигасы матчында үздік ойыншы атанып, әзербайжандық "Сабахтың" тарихи жеңіске жетуіне көмектескен болатын.
Ал Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино әлем чемпионатын өткізу құқығын беру жобасы үшін кешірім сұрады.




Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России