Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Түркістан облысындағы бүлдіршіннің видеосы сағыныш сезімін оятты

0

Арыстағы бүлдіршіннің ерекше видеосы әлеуметтік желіні баурап алды. Видеода бір жарым жасар Марлен басына шелек киіп алып, далада еш алаңсыз серуендеп жүр. Баланың бұл еркелігі желі қолданушыларының жылы естеліктерін оятты, деп хабарлайды Tengri Life.
Видео қай жерде түсірілген?
Видеоны бүлдіршіннің анасы Дина жариялады. Оның айтуынша, кадрлар Түркістан облысындағы Арыс қаласына жақын орналасқан Алға ауылында түсірілген.
Кадрлардан Марлен басына шелек киіп алып, кең далада алаңсыз қыдырып жүргенін көруге болады. Видео желіде тез тарап, миллионнан астам қаралым жинады.

@di_na941118 #шүкір #???? #???? ♬ түпнұсқа дыбыс - Nurdaulet

Сондай-ақ кішкентай баланың үлкендерге үй шаруасына көмектесіп жүрген басқа да видеолары бар. Мәселен, олардың бірінде Марлен жұмыртқа жинап жүр.
Динаның айтуынша, отбасы Арыста тұрады, ал ауылға мал қарауға келіп тұрады.

@di_na941118 #???? #mashaallah ♬ түпнұсқа дыбыс - Қанатты сөздер

"Балалық шаққа оралғандаймыз"
Желі қолданушыларына бүлдіршіннің шынайылығы мен алаңсыз күйі ерекше әсер етті. Пікір қалдырушылар өздерінің де далаға шелек киіп шыққысы келетінін айтып әзілдеп, балалық шақтарын еске алды.

"Тағы бір шелек табыла ма? Жазда барамын!", "Мекенжайды жіберіңізші, біз де өз шелегімізбен барамыз – алаңсыз балалық шаққа қайта оралғандай болайық", "Осындай бақытты балалық шағы баянды өмірге ұлассын! Әр қазақ бақытты болсын!", "Айналайын, нағыз бақыт пен байлық осы! Алаңсыз балалық шақтан артық не бар?", "Оған қарап отырып, бұл әлемнің қаншалықты тамаша әрі шынайы екенін түсінесің", - деп жазды қолданушылар.

Дина видео соншалықты көп қаралым жинайтынын күтпегенін айтады.

"Мұншалықты көп қаралым болады деп ойламадым, видео желі қолданушыларына ұнағанына өте қуаныштымын. Ұлыма айтылған ақ тілектер мен үшін үлкен мәртебе", - деп түйіндеді ол.

Марленнің үш ағасы бар. Анасының айтуынша, балалар телефонға мүлдем әуес емес - уақыттарын сыртта өткізіп, ойыншықтарымен ойнағанды қалайды. Бақытты балалық шақтың құпиясы осында болар.
Тағы оқыңыз: “Қайсы кім?“ Семейлік жас жұбайлар ұқсастығымен әлеуметтік желіні таңғалдырды





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России