Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Илон Маск АҚШ-тағы балаларға SpaceX акцияларын сыйға тартуға уәде берді: Трамп бұған не деді?

0
Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер Илон Маск келесі жылы АҚШ-тағы әрбір балаға өзіне тиесілі SpaceX компаниясының бір акциясынан сыйға тартуға уәде берді, деп хабарлайды Tengri Life Euronews сайтына сілтеме жасап.
Бұл мәлімдеме жасанды интеллект саласындағы Anthropic компаниясы әлеуметтік желілерде акционерлердің мақұлдауымен өз акцияларының 5 пайызын жаңа "қоғамдық игілік" қорына беру ниеті туралы жариялағаннан кейін бір күн өткен соң жасалды. Осы жарияланымға жауап ретінде Маск акцияларды тікелей халыққа беруді ұсынатынын жазды.
Сейсенбі күні тоқсандық есебін жариялайтын SpaceX акциялары жұма күнгі сауда-саттық жабылғанда 146,03 доллар деңгейінде тұрақталды. АҚШ-та 18 жасқа толмаған 73 миллионға жуық бала бар екенін ескерсек, Маск уәде еткен сыйлықтың құны жұма күнгі бағамен шамамен 10,66 миллиард долларды құрайды, делінген материалда.


Келесі жылы мен Американың әрбір баласына SpaceX акцияларымның бірін сыйлаймын. Бұл көптеген қадамдардың алғашқысы болады.
— Elon Musk (@elonmusk) 19 қазан, 2026 жыл
Anthropic жексенбі күні өзі бергелі отырған акциялар Anthropic Public Benefit Fund – компанияға толықтай тиесілі жаңа құрылымға түсетінін хабарлады. Егер акциялар қымбаттаса, қордың құны да артуы мүмкін.
Маск акцияларға қатысты уәдесінің нақты қалай жүзеге асырылатынын ашпады, бірақ өз жазбасында бұл мұндай қадамдардың "алғашқысы болатынын" атап өтті.
Сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп Маскке SpaceX акцияларын америкалық балаларға сыйлауға уәде бергені үшін алғыс айтты.

"Аңызға айналған досымыз Илон Маскке орасан зор жомарттығы үшін алғыс айтамыз: ол TRUMP Accounts бағдарламасы арқылы миллиондаған америкалық балаға SpaceX акцияларын берді! Біз TRUMP Accounts-ты құрған кезде дәл осыны көздеген едік: жеке сектордың, Илонның және басқа да көптеген адамның күш-жігерін біріктіріп, біздің ең басты байлығымыз саналатын балаларымызға инвестиция салу және әрбір америкалық балаға америкалық арманның бір бөлшегін сыйлау. Рақмет, Илон!" - деп жазды ол Truth Social желісінде.


Маск пен Anthropic-тің мәлімдемелері америкалықтардың жасанды интеллектке деген сақтығы күшейген тұста айтылды, деп атап өтті телеарна. Associated Press пен NORC зерттеу орталығы бірлесіп жүргізген жаңа сауалнама нәтижесіне сәйкес, АҚШ тұрғындарының 64 пайызы ЖИ тым жылдам дамып келеді деп есептейді, 27 пайызы қарқынды қолайлы деп тапса, тек 8 пайызы ғана даму тым баяу жүріп жатыр деген пікірде.
Anthropic жетекшісі Дарио Амодеи, OpenAI басшысы Сэм Альтман, Маск және саланың басқа да көрнекті тұлғалары өткен айда ЖИ дамуын бәсеңдету қажеттігін мәлімдеді. Бұл ортақ мәміле Anthropic зерттеушілерінің бірі бұл технологияның адамзатқа төндіретін қауіптері туралы ескертіп, компаниядан кеткеннен кейін қалыптасты. Дегенмен ЖИ дамуын тежеуге бағытталған үйлесімді әрекеттерге ел ішіндегі және әлемдегі бәсекелестік, пайда табуға ұмтылыс және АҚШ президенті тарапынан болатын қарсылық сияқты кедергілер бар.
Anthropic бас директоры мен тағы бес құрылтайшысы компанияны қоғам мүддесіне арналған корпорация ретінде тіркеді – бұл қаржылық мақсаттар мен әлеуметтік әсер арасындағы теңгерімді көздейтін коммерциялық компанияның түрі.
Тағы оқыңыз: Tesla өз көлігін ұшуға үйретті – Илон Маск жаңа Roadster мүмкіндіктерін таныстырды




Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России