Жаңбыр, қар және күн суытады: Астана мен Алматыны не күтеді?
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 21, 22 және 23 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Астанада жаңбыр, жылбысқы қар жауып, қатты жел соғады деп күтіледі, ал Алматыда апта соңына қарай күн едәуір салқындайды - +17-ден +8 градусқа дейін төмендейді.
Астанадағы ауа райы
21 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +6...+8 градус.
22 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +4...+6 градус.
23 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз +2...+4 градус.
Алматыдағы ауа райы
21 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +15...+17 градус.
22 қазанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +14...+16 градус.
23 қазанда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +8...+10 градус.
Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, еліміздің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болып, жел күшейетінін ескерткен болатын. Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын болып, үскірік аяз соғатыны туралы толығырақ Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.
