Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Қыста D дәруменінің деңгейін тексеру: қашан талдау жасату керек?

0
Күн суыта бастағанда қазақстандықтар күн көзінің аздығынан болатын тапшылықтан қорқып, D дәруменін ішу туралы ойлана бастайды. Бірі алдын ала талдау тапсырса, енді бірі қоспаларды өз бетінше сатып алады. Алайда қыста барлығына бірдей қосымша D дәрумені қажет пе және ешқандай белгілер мен медициналық көрсеткіштерсіз оның деңгейін тексерудің мәні бар ма? Бұл сауалдардың жауабын Tengri Health анықтап көрді.Қыста D дәруменіне талдау жасау: кімге тапсыру керек?
Негізгі сұрақтардың бірі: қыста D дәруменіне талдау тапсыру қажет пе?
Эпидемиолог дәрігер Валентина Тарасова Эндокринологиялық қоғамның 2024 жылғы ұсынымдарына сәйкес, нақты медициналық көрсеткіштері жоқ дені сау ересектерге қандағы D дәруменінің деңгейін жоспарлы түрде тексеру ұсынылмайтынын атап өтті.

"Күн көзі азайды екен деп, өз бетінше талдау тапсырудың қажеті жоқ", - дейді маман.

Әңгіме ағзадағы дәрумен мөлшерін бағалау үшін қолданылатын 25-гидроксидәрумен D - 25(OH)D талдауы туралы болып отыр.
Дәрігер D дәруменін ішу қажеттілігі мен оның деңгейін бақылау жас мөлшеріне, денсаулық жағдайына, тамақтануына, бұрын анықталған тапшылықтың болуына және басқа да медициналық көрсеткіштерге байланысты екенін айтады.
Ересектерге қанша D дәрумені қажет?
Дәрігер сілтеме жасаған ұсынымдарда D дәруменіне деген тәуліктік қажеттілік келесідей көрсетілген:

600 ХБ (15 микрограмм) - 70 жасқа дейінгі ересектерге;800 ХБ (20 микрограмм) - 70 жастан асқан адамдарға.

"Бұл - тағаммен және препараттармен бірге келетін D дәруменінің жалпы мөлшері, тек қоспаның міндетті дозасы емес", - деп нақтылады маман.
Кестеде толығырақ көрсеткіштер берілген.

Кімге қосымша D дәрумені қажет болуы мүмкін?
Валентина Тарасованың айтуынша, кейбір топтар үшін ұсынымдар өзгеше. Мысалы, келесі санаттар үшін бөлек тәсіл қарастырылған:

балалар мен жасөспірімдер,жүкті әйелдер,75 жастан асқан адамдар,сондай-ақ предиабеті бар және қант диабетінің даму қаупі жоғары жандар.


"75 жастан асқан дені сау ересектерге де тек аурудың алдын алу үшін ғана әдеттегі ұсынылған тәуліктік қажеттіліктен артық D дәруменін ішуге кеңес берілмейді", - деп атап өтті эпидемиолог дәрігер.

Талдау тек белгілер болғанда, созылмалы аурулар немесе қауіп факторлары бар кезде қажет.
Валентина Тарасованың сөзінше, егер дәрігер нақты медициналық көрсеткіштер бойынша D дәруменін тағайындап қойған болса, препаратты өз бетінше тоқтатуға немесе қабылдау сызбасын өзгертуге болмайтынын ескертті.
Чек-лист: жазда да D дәруменіне талдау тапсыру керектігін білдіретін 7 белгі

Толыққанды ұйқыдан кейін де сезілетін тұрақты шаршаңқылық.
Жаз мезгіліндегі жиі суық тию және ЖРВИ.
Физикалық жүктемесіз бұлшықеттердің ауырсынуы немесе "сырқырауы".
Шаштың әдеттегіден көп түсуі.
Көңіл күйдің болмауы, мазасыздық, ұйқының бұзылуы.
Далада серуендемей, тек кеңседе немесе қашықтан жұмыс істеу.
Жүктілік, бала емізу немесе 60 жастан асқандар.

Егер сіз екі немесе одан да көп тармақты белгілесеңіз - дәрігерге көрініп, 25(OH)D талдауын тапсырыңыз.




Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России