Алматыда көліктен автобусқа ойыншық тапанша кезенген жолаушы жазаланды
Полицияның анықтауынша, оқиға 27 қазанда сағат 15:45 шамасында Алматы қаласындағы Райымбек пен Жетісу көшелерінің қиылысында болған. Тәртіп сақшылары автокөлік иесін анықтады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)
"Көлікті тексеру кезінде ойыншық пластик тапанша табылды. Көлік салонында болған жүргізушінің кәмелетке толмаған ұлы осы затпен ойнағаны анықталды", - деп хабарлады полиция.
Жүргізуші жолаушы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды: жолаушылардың бірі көлік қозғалып бара жатқанда салонның сыртында болған.
Полиция ойыншық қарудың өзі айналадағыларды қорқытып, қауіпті жағдай тудыруы мүмкін екенін ескертті. Әсіресе жол үстінде мұндай әрекеттерге жол бермеу маңызды.
Тағы оқыңыз: Алматыда полицейлер тоқтатқан Mercedes-тің жүксалғышынан Калашников пен тапанша табылды
