Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2026

“Төбелес команданы ширатты“ - Кравец “Барыстың“ ҚХЛ-дағы ойын туралы айтты

0
"Барыстың" бас бапкері Михаил Кравец Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында "Шанхай Айдаһарларын" жеңгеннен кейін ойын туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Санкт-Петербургте өткен кездесу қазақстандық команданың пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. Ойын барысында астаналық хоккейшілер қарсыластарынан екі шайба айырмасымен ұтылып жатқан. Алайда олар есепті теңестіріп қана қоймай, матчті жеңді.
Ойындағы шешуші сәттердің бірі екінші кезеңде шабуылшы Әлихан Әсетовтің қарсыласымен төбелесуі болды. Кравецтің айтуынша, бұл оқиғадан кейін командаластары жігерленіп, тартысты күшейткен.

"Бірінші кезеңді сәтсіз бастадық. Шаршағанымыз байқалды. Өйткені бұл сырт алаңдағы қатарынан бесінші ойынымыз еді. Жігіттерге бірден ойынға кірісіп кету оңай болған жоқ. Бірақ екінші кезеңде Әсетовтің төбелесі команданы жігерлендірді. Жігіттер оны қолдап, барын салып ойнай бастады. Қарсыласымыз айып алаңында отырған кезде мүмкіндікті пайдаланып, шайба соққанымыз жақсы болды. Осылайша, ойынға қайта оралдық", – деді бас бапкер.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Барыс" хоккей клубының жарияланымы (@barys_official)


Сонымен қатар, Кравец команданың үшінші кезеңдегі ойынына жоғары баға берді. Ол хоккейшілердің шабуылда да, қорғаныста да шеберлік танытқанын атап өтті.

"Меніңше, үшінші кезеңді өте жақсы өткіздік. Команда бірде шабуылға шығып, бірден қорғанысқа оралып отырды. Қорғаныстан шабуылға да жылдам көштік. Әсіресе, бір ойыншымыз кем болған сәттерде жігіттер тамаша ойнады. Әрине, қақпашымыз да көп көмектесті. Қарсыласымыз осал емес, оңай болған жоқ. Дегенмен жеңіске жетіп, елге ұпаймен оралатынымызға қуаныштымын", – деді тәлімгер.

Кравец үшінші кезеңдегі сәтті ойынды хоккейшілердің жақсы дене дайындығымен де байланыстырды. Оның пікірінше, команда жеңіске деген жігерімен қатар, ойынға тыңғылықты дайындалғанын көрсетті.

"Енді екі күн демалып, қайтадан жолға шығамыз. Алдымызда Челябі мен Қиыр Шығысқа сапар күтіп тұр. Үшінші кезеңдегі ойын тек жігерге ғана емес, жақсы дайындыққа да байланысты. Дене дайындығына жауапты бапкерлер өз жұмысын жақсы атқарды деп ойлаймын. Жігіттер кейінгі кезеңдерді өте жақсы өткізіп жүр. Минскідегі матчтен кейін де команданың жеңіліп қалудан қорықпай, жеңіске ұмтылғанын айтқан едік. Бүгін де екінші және үшінші кезеңде дәл солай болды. Бәрі жеңіске жетуді қалады, батыл ойнады. Соның арқасында нәтижеге қол жеткіздік", – деп түйіндеді жаттықтырушы.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Барыс" хоккей клубының жарияланымы (@barys_official)


Осы жеңістен кейін команданың қоржынында 21 ойыннан соң 25 ұпай бар. Қазір "Барыс" Шығыс конференциясында екінші орында тұр және 71 шайбамен ең көп гол соққан үздік клубтардың бірі болып саналады. Бұдан тек магнитогорскілік "Металлургтің" көрсеткіші жоғары – 72 шайба.
Михаил Кравецтің шәкірттері алдағы уақытта 4 қараша күні Челябинскінің "Тракторына" қарсы сырт айдында матч өткізеді.




Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России