Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Манчестер Юнайтед“ аңызы Қазақстанмен қоштасты

0
Португалия құрамасының бұрынғы футболшысы Луиш Нани қазақстандық "Ақтөбеден" кеткеннен кейін қоштасу хатын жариялады, - деп хабарлайды Tengri Sport футболшының әлеуметтік желілеріне сілтеме жасап.
Қазақстан чемпионатының 30-турындағы қостанайлық "Тобылға" қарсы ойында (3:2) Нани "Ақтөбе" сапындағы соңғы кездесуін өткізді. Португалиялық ойыншы есеп тең болып тұрғанда алаңға шығып, 18 минут ішінде нәтижелі пас беріп, командасының жеңіске жетуіне көмектесті.
Матчтен кейін "Манчестер Юнайтедтің" экс-ойыншысы Қазақстанда өткізген уақытынан алған әсерін бөлісіп, команданың бір бөлшегі болу мүмкіндігі үшін клубқа алғыс айтты.

"Қазақстанда жаңа мәдениетпен танысып, өзімді ерекше жылы қабылдаған орта таптым. "Ақтөбеде" жүргенде футболдағы бүкіл мансабымда жинаған білімім мен тәжірибемді бөлісуге бар күшімді салдым. Осы арқылы клубтың дамуына үлес қосып, оның алаңда да, алаңнан тыс жерде де өркендеуіне көмектескім келді", – деп жазды Нани.

Сондай-ақ, португалиялық футболшы клуб қызметкерлері мен жанкүйерлеріне алғыс айтып, Қазақстанда өткізген уақыты өзі үшін әрдайым ерекше болып қалатынын жеткізді.

"Мен клубқа, оның қызметкерлеріне, адал жанкүйерлеріне және сол жерде өткізген уақытымды ерекше еткен барлық жанға алғыс айтқым келеді. Сіздер менің жүрегімде әрдайым ерекше орын аласыздар. "Ақтөбенің" бір бөлігі болу мен үшін үлкен мәртебе болды", – деп толықтырды футболшы.

Айта кетейік, Нани ағылшындық "Манчестер Юнайтед" сапында 2007/2008 жылдан 2014/2015 жылға дейінгі маусымдарда өнер көрсетті.
Бұл уақыт ішінде ол Чемпиондар лигасын, төрт рет Англия чемпионаты мен Суперкубогын, сондай-ақ, екі рет Англия лигасының кубогын жеңіп алды. Оның еншісінде "Манчестер Юнайтед" сапындағы 230 матчте 41 гол мен 66 нәтижелі пас бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Luís Nani-дің жарияланымы (@luisnani)


"Манчестер Юнайтед" аңызы Қазақстандағы маусымды қалай өткізді?
2026 жылдың қысында атақты португалиялық футболшы бір жыл бұрын аяқтаған кәсіби мансабын қайта жалғастыруға шешім қабылдап, "Ақтөбе" клубының құрамына қосылды.
Нани 7 наурызда жаңа командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірден нәтижелі пасымен көзге түсті.
Қазақстандағы бір маусымда ол 26 матчке қатысып, 3 гол соқты. Оның екеуін Кубок ойындарында салды. Сондай-ақ, әріптестеріне 5 нәтижелі пас берді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC AKTOBE жарияланымы (@fcaktobe_official)


"Ақтөбе" чемпионатты 49 ұпаймен бесінші орында аяқтады.




Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России