ОПЕК+ желтоқсанда мұнай өндіру квоталарын сақтайды
Құрамына Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман кіретін ОПЕК+ "жетілігі" қазіргі өндіріс жоспарын желтоқсан айына да сақтауға келісті. Бұл туралы ұйым жексенбі күнгі кездесу қорытындысы бойынша хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Мәлімдемеде қатысушы жеті ел 2026 жылдың қыркүйегіне жоспарланған қажетті өндіріс деңгейін 2026 жылдың желтоқсанына дейін сақтау туралы шешім қабылдағаны, бұл төмендегі кестеде егжей-тегжейлі көрсетілгені айтылған.
Қазақстан желтоқсанда тәулігіне 1,628 миллион баррель мұнай өндіреді.
Қыркүйекте ОПЕК+ елдері 2023 жылы бекітілген мұнай жеткізілімін тәулігіне 1,65 миллион баррельге қысқарту шарасынан кезең-кезеңімен бас тартуды аяқтады.
Келесі кездесу 2026 жылғы 29 қарашада өтеді.
Еске сала кетейік, қыркүйек айында мұнайдан түсетін табыстар да есептелетін Қазақстанның жаңа бюджетінде мұнайдың болжамды бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10 долларға жоғарылады. Толығырақ материалымыздан оқи аласыз.
