Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Ешкім қомақты табысынан айырылғысы келмейді“ - Әлназарова фармлобби туралы

0

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы жүйесін өзгерту оңай болған жоқ: фармацевтика нарығының қатысушылары табысынан айырылғысы келмейді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте өткен брифингте фармацевтикалық лобби туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengri Health.
Бағаны реттеуде не өзгерді?
Әлназарованың айтуынша, 2024 жылы баға белгілеу ережелері, ал 2025 жылы бірыңғай дистрибьютор тізбесіндегі препараттардың бағасы қайта қаралды. Көтерме және бөлшек саудадағы жаңа шекті бағалар 2025 жылғы 17 шілдеде бекітілді. Министрдің сөзіне қарағанда, осы өзгерістердің нәтижесінде баға төмендей бастаған.

"Лобби мәселесіне келсек, ол кез келген салада бар шығар. Ешкім қомақты табысынан немесе пайдасынан айырылғысы келмейді. Бұл мәселедегі қарсылықты жеңу расында оңай болған жоқ", - деп атап өтті министр.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі бағаны цифрлық таңбалау жүйесі арқылы қадағалап отыр.

"Біз шекті бағадан асыратын дәріхана ұйымдарын көріп отырмыз және тиісті әкімшілік шараларды қолданамыз", - деді Әлназарова.

Қалай үнемдеуге қол жеткізіп, отандық өндірісті дамытып жатыр?
Министр үнемдеуге сатып алу тәртібін қайта қарау арқылы қол жеткізілгенін түсіндірді. Дәрі-дәрмекті тікелей өндірушілерден және ірі тапсырыстарды біріктіретін халықаралық ұйымдар арқылы сатып ала бастады.
Сонымен қатар Әлназарова ел үшін дайын дәрі-дәрмекті ғана емес, оларға қажетті заттарды да өндіру маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстанның фармацевтикалық егемендігін нығайтуға көмектеседі.
Журналист дәріханаларда отандық препараттар көзге түсе бермейтінін айтып, оларды бірінші сөреге қоюды ұсынды.

"Өте жақсы ұсыныс", - деді министр.

Ол мұндай шараны қарастыруға болатынын айтты.
Мән-жайы
Қыркүйекте Қазақстанда құны бір АЕК-ке дейінгі 1 200-ден аса дәрі-дәрмек бағасын реттеу тоқтатылатынын жазған едік. Препараттардың 1 827 түрін мемлекеттік реттеу сақталады.
Бұған дейін таңбалау дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексеруге қалай көмектесетінін және қазақстандықтар баға төмендегенін неге байқамайтынын талдаған болатынбыз.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России