Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Әлемнің үздік футболшысы “Алтын доптан“ бас тартуға дайын: қандай шарты бар?

0
"Баварияның" британдық форварды Харри Кейн "Алтын доп" пен Чемпиондар лигасындағы жеңістің бірін таңдады, деп хабарлайды Tengri Sport Dario AS.
Мадридтегі "Атлетикоға" қарсы Чемпиондар лигасының матчі алдында өткен баспасөз мәслихатында журналист Кейннен "Алтын допқа" көзқарасы туралы сұрады.
Форвардтың айтуынша, ол жеке марапат пен командалық титулдың арасында турнирдегі жеңісті таңдар еді.
- "Алтын доп" иегері атанғаныңа бір апта болды, мені қызықтыратын сұрақ: егер саған "Алтын допты" Чемпиондар лигасындағы жеңіске айырбастауды ұсынса, келісер ме едің? - деп сұрады журналист.

- Мен әрқашан футболды командалық жүлделер үшін ойнайтынымызды айтып келемін. Біздің спорт түрінде команда өте маңызды. Өткен аптада "Алтын допты" иелену өмірім мен мансабымдағы ең үздік сәттердің бірі болды. Бірақ "Бавариямен" бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алып, кубокті төбеге көтеру керемет сезім болар еді. Сондықтан иә, мен Чемпиондар лигасын таңдар едім. Бірақ мен қазір қос жүлдені де жеңіп алу мүмкіндігі бар жағдайдамын. Не боларын көре жатармыз, - деді Кейн.

Харри Кейн - әлемнің үздік футболшысы
Еске сала кетейік, 33 жастағы форвард 2001 жылдан бері әлемнің үздік ойыншысы деп танылған алғашқы ағылшын болды. Кейн марапатты 26 қазанда Лондонда өткен салтанатты рәсімде алды.

Шабуылшы "Бавария" мен Англия құрамасы сапында керемет маусым өткізді - 73 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Дегенмен, басты жүлделерге - Чемпиондар лигасы мен Әлем чемпионатындағы жеңіске жете алмады. "Бавария" да, Англия құрамасы да финалға бір қадам қалғанда сүрінді.
Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында "Баварияға" ауысқанға дейін атақты шабуылшының қоржынында бірде-бір жүлде болмаған. Қазір ол екі дүркін Германия чемпионы, ел Кубогі мен Суперкубогінің иегері. Командалық титулдардан кейін жеке де танылды - әлемнің үздік ойыншысына берілетін "Алтын доп" иегері атанды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@katekanex жарияланымынан


Биылғы маусымда "Бавария" Чемпиондар лигасында небәрі бір жеңіспен 14-ші сатыда келеді. Неміс командасын алда "Атлетикомен" матч күтіп тұр.
Тағы оқыңыз: Чемпиондар лигасындағы ПСЖ мен “Барселона“ матчі: Қазақстанда ойынды қайдан көруге болады?
“Бавария” бапкері Компани жаттығу кезінде есінен танып қалды: диагнозы белгілі болды




Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России