Пашинян Армения Еуроодаққа мүшелікке өтінімді қашан беретінін айтты
Ол бұл туралы ЕО-ны кеңейту бойынша Euronews саммитінде айтып, үкіметі Армения тұрғындарына өз жолын өздері таңдауға мүмкіндік беруге ниетті екенін жеткізді.
"Келесі жылы біз бұл жоспардың қаншалықты жүзеге асатыны туралы айта аламыз. 2028 жыл да - өте қолайлы мерзім. Біз Еуропалық одаққа мүшелікке ресми өтінім беру туралы түпкілікті шешімге бастайтын процесті бастадық" - деді премьер-министр.
Пашинян ЕО-ға кіру мен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелікті сақтап қалу арасында таңдау бар екенін және бұл шешімді Армения халқы қабылдауы тиіс екенін түсінетінін айтты.
"Грузияның Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға деген табандылығы бізге жігер берді. Армения үшін Грузияның жетістігі - біздің азаматтардың еуропалық болашағымызды қалай қабылдайтыны тұрғысынан өте маңызды", - деп түсіндірді ол.
Тамызда ұлттық парламентте сөйлеген сөзінде Пашинян өз үкіметі "жақын арада" ЕО-ға мүшелікке өтінім беруге ниетті екенін мәлімдеген болатын.
Қазанда француздық RFI телеарнасына берген сұхбатында премьер Арменияда Еуроодаққа кіру бойынша 2026 жылы референдум өткізу мүмкін емес екенін, өйткені республиканың әлі ресми өтінім бермегенін айтты. Сонымен бірге ол өтінім беру Армения билігінің мақсаттарының бірі екенін растады, алайда бұл қадам түпкі мақсат емес екенін баса айтты.
Тағы оқыңыз: Армения парламентінде Пашинян партиясы мен оппозиция депутаттары төбелесіп қалды
