Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

100 миллион теңге пара: БҚО-да жүк көліктерін шекарадан кедергісіз өткізу ісіне қатысты сот үкімі шықты

0

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Батыс Қазақстан облысындағы парақорлыққа қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Сот алдында Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасы басшысының бұрынғы міндетін атқарушы (Р. есімді азамат) және пара алудағы делдал(К. есімді азамат) жауап берді. Айыптау нұсқасы бойынша, пара сомасы 100 миллион теңге болған.

Сот мәліметінше, лауазымды тұлға бұл ақшаны жалпы қамқорлығы және жүк көліктерінің БҚО-дағы өткізу пункттерінен кедергісіз өтуіне жәрдемдескені үшін алған. Жалпы алғанда, Ресейден Қазақстанға 1003 жүк көлігін өткізу туралы сөз болған.
Оқиға 2025 жылғы қыркүйек-қазан аралығында болған. Р. Ресей Федерациясының азаматымен пара алуға келіскен – есесіне жүк көліктерін кедергісіз өткізуге уәде берген. Бұдан бөлек, пара беруші өзі пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тәуекелдерді басқару жүйесіне енгізілгені туралы ақпарат алып, туындаған шектеулерді айналып өту бойынша ұсынымдар алған.
Делдал К. көрсеткен қызметі үшін 24,8 миллион теңге алған.
Жарыссөзде прокурор Р.-ды мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. К.-ға осындай қосымша жазалармен бірге 1 жыл 6 ай сұрады. Сот екі сотталушыға қатысты да жеңілдететін мән-жай ретінде олардың кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Бұл ретте Р.-ға қатысты ауырлататын мән-жай ретінде өзі қабылдаған антын бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы танылды. К.-ның әрекеттерінде ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Нәтижесінде Р. ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 10 жылға сотталды. К. ҚР ҚК-нің 368-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен 1 жыл 6 ай мерзім тағайындалды.
Сонымен қатар сот қылмыстық жолмен алынғаны анықталған ақшаны мемлекет кірісіне тәркілеу және сотталғандардан заңсыз алынған қаражатты өндіріп алу туралы қаулы етті. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Тағы оқыңыз: Бензин сегіз теңгеге қымбаттады: Ұлттық банк бұл тауарлар мен қызметтер бағасына қалай әсер ететінін бақылайды





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России