Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда депозитке салық салына ма? Ұлттық экономика министрлігі жауап берді

0

Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың банктік депозиттері бойынша сыйақыларына салық енгізіледі деген ақпарат тарап жатыр. Алайда Қазақстан Үкіметі мұндай бастаманы қарастырып жатқан жоқ, ал салымдар бойынша пайыздарға бұрынғыша салық салынбайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформациямен күрес орталығына сілтеме жасап.
Депозиттерге салық енгізу жоспарда жоқ
Ұлттық экономика министрлігі бұған дейін банктік салымдар бойынша сыйақыларға салық енгізілуі мүмкін деген хабарламаларды жоққа шығарған болатын. Министрліктің мәліметінше, Үкімет бұл мәселені қарастырып жатқан жоқ.
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның Салық кодексінің 430-бабын еске салды. Осы нормаға сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдар бойынша алатын сыйақыларына жеке табыс салығы салынбайды.
Жалған ақпараттар әлі де тарап жатыр
Ресми түсіндірмелерге қарамастан, әлеуметтік желілерде жаңа салық туралы жазбалар әлі де жарияланып жатыр. Бұған Президент жанындағы ОКҚ Дезинформациямен күрес орталығы назар аударды.

"Орталық азаматтарды ақпарат таратуға, әсіресе негізсіз мазасыздық пен қоғамдық шиеленіс тудыруы мүмкін сезімтал әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға шақырады", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтарды мұндай хабарламаларды ресми дереккөздер арқылы тексеруге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Сондай-ақ азаматтарға заңда қарастырылған белгілер болған жағдайда, көрінеу жалған мәліметтерді қасақана тарату құқықтық бағалауға әкеп соғуы мүмкін екені ескертілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың бес миллион теңгеге дейінгі несиелері мен айыппұлдарын кешіруге уәде берген роликтер тараған болатын. Пайдаланушыларға арнайы сайтқа өтіп, авторизациядан өту ұсынылған, алайда мұндай уәделердің артында алаяқтық схема жасырылған еді.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России