Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Инкассатор көлігін шақырыңыз“: алаяқтар азаматтарды Ұлттық банк атынан алдап жүр

0

Алаяқтар азаматтарға Ұлттық банк атынан жалған хаттар жіберіп, ұрланған ақшаны қайтаруға немесе түскен аударымды жеткізуге уәде беріп жатыр. Бұл қызмет үшін олардан белгілі бір соманы төлеуді сұрайды. Тіпті инкассатор көлігін шақыру қажет деген сылтау да айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақшаны қайтаруға уәде беріп, алдын ала төлем талап етеді
Ұлттық банк мәліметінше, алаяқтар мекеменің бланкісі бойынша рәсімделген жалған құжаттарды пайдаланады.
Кейбір хаттарда азаматтарға алаяқтардың құрбаны болғаны айтылып, ақшасын қауіпсіз тәсілмен қайтару үшін белгілі бір соманы аудару ұсынылады. Ал енді бір хаттарда ақша аударылғаны хабарланып, оны жеткізу үшін алдын ала төлем жасау талап етіледі. Алаяқтар мұны аударымды аяқтау үшін қаражатты тіркеу және декларациялау қажет деп түсіндіреді.

"Бұл схемаларға өзін "Қаржылық мониторинг агенттігінің немесе Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкері" ретінде таныстыратын адамдар қатысуы мүмкін. Олар инкассатор көлігін шақыру және ақшаны көрсетілген мекенжайға жеткізу деген сылтауды қолданады. Бұған қоса, құжаттардағы электрон цифрлық қолтаңба мен мөр бедері белгіленген талаптарға сәйкес келмейді", – деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Қолдан жасалған құжат. Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Ұлттық банк жеке тұлғаларға ақша аудармайды
Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшаны декларациялаумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын ескертті.
Бұған қоса, ведомство азаматтармен мессенджерлер, электрон пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы хат алмаспайды.
Ұлттық банк азаматтармен ресми байланыс заңда белгіленген тәртіппен, соның ішінде eOtinish ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Ал қызметтік хаттар негізінен мемлекеттік органдарға, қаржы ұйымдарына және басқа да заңды тұлғаларға жолданады.
Сондай-ақ, Ұлттық банк алаяқтар таратқан жалған құжаттардағы электрон цифрлық қолтаңба мен мөр бедерлері белгіленген талаптарға сәйкес келмейтініне назар аударды.
Ұлттық банк атынан хабарлама алсаңыз, не істеу керек?
Ведомство азаматтарды күмәнді шоттарға ақша аудармауға, тексерілмеген құжаттар мен хабарламаларға сенбеуге шақырды. Осындай алаяқтыққа тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына арыз беру қажет.
Ақпаратты тексеру немесе кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 қысқа нөміріне хабарласуға болады.
Еске салайық, алаяқтар азаматтарды алдау үшін Ұлттық банктің атын алғаш рет пайдаланып отырған жоқ. Бұған дейін Бас прокуратура телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрін ескерткен еді. Ол кезде қаскөйлер өздерін Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, адамдарды ақшасын қорғау үшін аударуға көндірген болатын.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России