Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алкотестер 2,5 промилле көрсеткен: Текеліде автобус жүргізушісі ұсталды

0

Текеліде полиция мас күйінде көлік басқарған жолаушылар автобусының жүргізушісін тоқтатты. Медициналық тексеру нәтижесінде оның қанындағы алкоголь мөлшері 2,52 промиллені құрағаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Патрульдеу кезінде SAZ автобусы тоқтатылғаны хабарланды. Көлік тізгінінде 59 жастағы жергілікті тұрғын болған. Тексеріс барысында ер адамның қоғамдық көлікті мас күйінде басқарғаны, сөйтіп жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушы басқа адамдардың өміріне қауіп төндіргені анықталды.
Жарияланған кадрларға қарағанда, медициналық куәландыру нәтижесі дем шығару кезіндегі ауада алкоголь концентрациясының 2,52 промиллені құрағанын көрсеткен.
Анықтама: Қандағы алкоголь концентрациясының 2,5-3 промилле шамасында болуы - алкогольмен қатты улануды білдіреді. Бұл, орташа есеппен алғанда, салмағы 70–75 келі болатын ер адамның бір бөтелке (0,5 литр) арақ ішуіне (немесе шамамен 1–1,5 литр шарап, болмаса бірнеше литр сыра ішуіне) тең келеді.
Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Полиция мас күйінде көлік жүргізу жол қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін еске салды. Қоғамдық көлік жүргізушілері ерекше жауапкершілік арқалайды, өйткені жолаушылар өз өмірлерін оларға сеніп тапсырады.
Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін жүргізушілердің алкогольдік мас күйін тексеру кезінде 0,3 промилле шегін белгілеуді ұсынған болатын. Алайда алкотестер көрсеткішінің өзі ғана жеткіліксіз болады: дәрігерлер адамның сөйлеу мәнерін, көз жанарын, қимыл-қозғалысын бағалайды, қажет болған жағдайда зертханалық мәліметтер ескеріледі. Бұйрық жобасы қоғамдық талқылаудан өткенімен, әлі қабылданған жоқ.
Тағы оқыңыз: Көлік жүргізушілеріне 0,3 промиллеге дейін рұқсат беріле ме? Әлемдік тәжірибе





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России