Маңғыстауда күтпеген жерден қар жауды: тұрғындар видео жариялады
Маңғыстауда қыс күтпеген жерден басталды: дүйсенбі күні кешке бірнеше ауданда қар жауды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Шетпе және Бейнеу ауылдарында қар жауғаны түсірілген бейнежазбалар пайда болды. Жергілікті тұрғындардың пікірлеріне қарағанда, Сайөтес пен Жармыш ауылдарында да жауын-шашын байқалады, делінген материалда.
"Қазгидромет" мәліметінше, түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз өңірдің батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады деп болжанады. Солтүстік-шығыста және орталықта тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде батыста екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстік-шығыста және орталықта 3 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.
Ақтауда сейсенбі күні күн бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жаууы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 5-7 градус жылы.
Өткен жылы Маңғыстаудың бірнеше ауылының - Жетібай, Мұнайшы, Таушық және Бейнеу - тұрғындары алғашқы қарды тек 7 желтоқсанда көрген болатын.
Аяз,+21 градус: 10 қарашада Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
