Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Аяз,+21 градус: 10 қарашада Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

0

Қазақстанда сейсенбіде, 10 қарашада ауа райы құбылмалы болады. Көптеген қалада жаңбыр жауады, кей жерлерде қар аралас жаңбыр болып, тұман түсіп, көктайғақ болып, екпінді жел соғуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде жылы ауа райы сақталса, орталық, солтүстік және батыстағы кей өңірлерде температура нөлден төмен түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана – күн құбылмалы болады, түнде аздап қар жауады. Тұман, көктайғақ. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін.

Алматы – күн құбылмалы болады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, күндіз екпіні 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Қонаев – күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 18-23 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Қызылорда – бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылы.

Талдықорған – күн құбылмалы болады, күннің соңында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.

Тараз – күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

Түркістан – бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 11-13 градус жылы.

Шымкент – бұлтты, жаңбыр жауады, түнде және таңертең кей уақытта нөсер жаңбыр болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 12-14 градус жылы.

Ақтау – бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 5-7 градус жылы.

Ақтөбе – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Атырау – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Орал – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Қарағанды – күн құбылмалы болады, кей уақытта жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус жылы, күндіз одан әрі төмендейді.

Жезқазған – күн құбылмалы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 градус жылы.

Көкшетау – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін.

Қостанай – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Петропавл – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Павлодар – бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус жылы.

Семей – бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус жылы.

Өскемен – бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 9-11 градус жылы.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России