Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыда күн жылынады, Астанада -7 градусқа дейін аяз болады: 10 күнге арналған болжам

0

Қазгидромет синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы 10 күнде ауа райы қандай болатынын айтты. Елордада түнде -7 градусқа дейін аяз болып, күндіз ауа біртіндеп +7 градусқа дейін жылиды. Алматыда жаңбыр мен қардан кейін күн жылынады: 20 қарашаға қарай температура +14 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдымен аяз, содан кейін жауын-шашын: Астананы не күтіп тұр?

11 қарашада Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -5…-7 градус, күндіз -1-ден +1-ге дейін болады.

12 қарашада жауын-шашын болмайды деп болжанады. Түнде -4…-6 градус, күндіз -1-ден +1-ге дейін болады.

13 және 14 қарашада күн сәл жылиды: түнде -2…-4 градус, күндіз 0-ден +2-ге дейін болады деп күтіледі. 14 қарашада күндіз температура +1…+3 градусқа дейін көтеріледі.

15–17 қараша аралығында Астанада күндізгі температура +3…+7 градус болады, ал түнде аязды ауа райы сақталып, -5 градусқа дейін жетеді.

18–20 қарашада аздаған жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. 18 қарашада күндіз ауа +5…+7 градусқа дейін жылиды, ал 19 және 20 қарашада температура +1…+3 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда жаңбыр мен қардан кейін күн +14 градусқа дейін жылиды

11 қарашада Алматыда жауын-шашын, кейде қатты жаңбыр мен қар жаууы күтіледі. Сондай-ақ тұман түсіп, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжанады. Ауа температурасы +5…+7 градус болады.

12 қарашаға қараған түні де жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, ал температура 0…+2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа +5…+7 градусқа дейін жылиды.

13-17 қараша аралығында Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде температура -1…-5 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз +5…+7 градус болады.

Кезең соңына қарай күн жыли бастайды. 18 қараша күндіз +8…+10 градус, 19 қарашада +11…+13 градус болады деп күтіледі. Болжам бойынша ең жылы күн 20 қарашада болады.

Қазақстанда қараша айы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың қараша айы Қазақстанда климаттық нормадан жылы болады деп күтілетінін, бірақ ел тұрғындарына тұрақты жылы ауа райына сенудің қажеті жоқтығын айтқан болатын. Ай бойы жаңбыр, жылбысқы қар, бұрқасын және температураның күрт өзгеруі болжанады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда кей күндері түнгі аяз 18 градусқа дейін жетуі мүмкін. Толық болжамды осы жерден оқыңыз.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России