Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Германия әскерде Қытай дрондары мен көліктерін пайдалануға тыйым салды

0

Германия армиясында тыңшылық қаупіне байланысты казармалар мен әскери полигондарда қытайлық дрондарды пайдалануға тыйым салынды, бұл туралы Der Spiegel журналына ГФР Қорғаныс министрлігінің өкілі хабарлады. Сондай-ақ қытайлық автокөліктердің әскери нысандар аумағына кіруіне де тыйым салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бундесвер гарнизондар мен полигондарда кез келген шағын көлемді қытайлық ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға тыйым салып, бұған дейін сатып алынған DJI және өзге де дрондарды қолдануды тоқтатуды бұйырды.

ГФР Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, бұл жүйелер неміс немесе еуропалық баламалармен алмастырылады.

Германия армиясы әскери нысандарға BYD және Geely секілді қытайлық бренд автокөліктерінің кіруіне шектеу қойған. Әскери қызметшілерге мұндай көліктерді қауіпсіздік аймағынан тыс жерге қалдырып, қызмет орнына жаяу бару жүктелген.

Бұл шаралар Қытай техникасындағы датчиктер мен камералар құпия деректерді жинап, оны ҚХР қауіпсіздік органдарына беруі мүмкін деген қауіпке байланысты қабылданып отыр. Der Spiegel мәліметінше, дрондар казармалар мен полигондардың суреттерін, жаттығулардың барысы мен қару-жарақ жүйелері туралы ақпаратты Қытай арнайы қызметтеріне жіберуге қауқарлы.

Еуропа елдері мұндай қадамдарға британдық БАҚ-та Корольдік флоттың құрамында қытайлық бөлшектері бар барлаушы теңіз дрондары ҚХР-ға жасырын ақпарат жібергені туралы хабар тарағаннан кейін бара бастады.

Тамыз соңында Der Spiegel сарапшыларға сілтеме жасай отырып, желіге қосылған қытайлық электрмобильдер камералар, микрофондар мен датчиктер арқылы тыңшылық арнасына айналуы мүмкін екенін атап өткен болатын. ГФР билігі қазіргі уақытта бұл тәуекелдерді саралап жатыр.

Германияда электркарларға деген сұраныс энергия дағдарысы мен субсидиялар аясында бір жылда 80 пайызға өсті, бұл ретте сату көрсеткіші бойынша қытайлық өндірушілер ең жоғары өсімді көрсетіп отыр.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Әбуталип Мүтәлі заманауи автокөліктер, соның ішінде қытайлық өнімдер, қазақстандықтардың дербес деректерін жинайтын құралға айналуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Ол қытайлық көліктерге қойылатын талаптарды қатаңдатуды ұсынды.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России