Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жалған хабарлама, ақау және қызметкерді жазалау: Павлодарда не болды?

0

Павлодарда қате аударылған әлеуметтік төлемді қайтару туралы хабарлама ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды дүрліктірді. Қала әкімдігі бұл ақпаратты фейк деп атағанымен, онда көрсетілген қызметкер де, оның телефон нөмірі де рас болып шықты. Мән-жайды Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Күні кеше мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Павлодар облысында екі және одан көп мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға 108 125 теңге көлеміндегі біржолғы әлеуметтік төлем қателіктен қайта аударылғаны және оны шұғыл түрде қайтару қажет екені туралы ақпарат тарады. Хабарламада мекеме қызметкерінің есімі мен ақшаны қайтару бойынша нұсқаулық алуға болатын телефон нөмірі көрсетілген.
Павлодар әкімдігі бұл хабарламаң жалған екенін мәлімдеді. Дегенмен, төлем алушылардың тізімі жасалатын ақпараттық жүйеде ақау болғанын мойындады.

"Республика күніне орай мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік төлемдер бұрынғы ереже бойынша, яғни көмек әрбір мүгедектігі бар балаға жеке берілетін тәртіппен есептелген. Биылғы сәуірден бастап төлем отбасына берілетін жаңа ереже күшіне енді. Алайда техникалық ақау салдарынан жүйе төлемдерді ескі тәртіппен есептеген. Осыған байланысты алынған қаражатты қайтарудың қажеті жоқ деген шешім қабылданды", - деп түсіндірді Павлодар әкімдігі.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері бұл ақау жергілікті деңгейде болғанын және Қазақстанның басқа қалаларына қатысы жоқ екенін нақтылады.
Хабарлама авторы ерекше баланың анасы болып шықты. Әйелдің айтуынша, ол жыл сайынғы 25 АЕК көлеміндегі біржолғы төлемді биыл қазанда алған.

"Бірақ қарашада маған тағы 108 125 теңге аударылды. Бұл қателік екенін түсініп, әлеуметтік қорғау бөліміне қоңырау шалдым, олар сол кезде ғана аңғарды. Ақшаны қалай қайтару керек екенін сұрап едім, маған реквизиттерді жіберді. Кейін чатта басқа аналардан тағы кім алғанын сұрай бастадым, жұмсап қоймай тұрғанда қайтарайық деп ойладым. Маған 83 отбасы төлем алғанын айтты. Бұл үлкен ақша ғой", - дейді Павлодар тұрғыны.

Әйел өз парақшасында жазба жариялап, кейін ол әлеуметтік желілерге тарап кеткен.

"Ман адами тұрғыдан сол маманды аяп кеттім. Қомақты соманы соның мойнына іліп қояды немесе жұмыстан шығарады деп ойладым. Басқа аналарға бұл ақшаны жұмсамай, бөлімге қайтарып беру керек екенін ескертіп, көмектескім келді. Байланысу үшін қызметкердің нөмірін көрсеттім, менің хабарламам осындай дауға ұласады деп мүлдем ойламадым", - деді қала тұрғыны.

Шенеуніктер хабарлама таратылғаны үшін ешкімді жауапқа тартпайды, бірақ даудың ортасында қалған әкімдік қызметкеріне қатысты жағдай басқаша.

"Бөлімнің бухгалтерлік реквизиттерін бергені үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Павлодар әкімдігі.

Шенеуніктер жүйедегі техникалық ақау қаражаттың артық шығындалуына әкеп соқпағанын айтты. Әкімдік мәліметінше, барлық отбасы бекітілген бюджет аясында тиісті төлемдерін алған, сондықтан ақшаны қайтару талап етілмейді.





Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России