Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30

Маңғыстауда үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел қыз босанды

0
Маңғыстау облысында былтыр үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел дүниеге қыз әкелді. Оның балалары иіс тиіп, қайтыс болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Былтыр Мұнайлы ауданына қарасты Қаламқас тұрғын алабында қайғылы оқиға болған. Жергілікті тұрғын Күмісай Палекееваның үш баласы улы иіс газынан уланып, көз жұмған. Олардың үлкен қызы 1995 жылы, ұлы 2009 жылы, ал кенже қызы 2012 жылы туған.
Қайғылы оқиғадан кейін ерлі-зайыптыға экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) рәсімінен тегін өтуге сертификат берілген.
Күмісайдың айтуынша, ол 51 жасында қайта жүкті болып, бала босанамын деп ойламаған. Алайда дәрігерлердің көмегімен ерлі-зайыпты тағы да ата-ана атану бақытына ие болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

АҚТАУ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (@ladakz) жариялаған материал


Күмісай алғаш рет 1995 жылы, 31 жыл бұрын ана атанған. Кейін отбасында тағы екі бала дүниеге келген. Бірақ үш перзентінен бірдей айырылған соң, ерлі-зайыпты үйде екеуі ғана қалған. Арада біраз уақыт өткенде олар ЭКҰ арқылы тағы бір сәби сүюге бел буған.

"Балаларымнан айырылған соң, үйіміз қаңырап бос қалды. Сол кезде ЭКҰ арқылы болса да бала көтеріп, дүниеге әкелсем деп шештім. Қасымызда сүйеніш болатын, қамқорлық танытатын жан болса, өмір сүруге, алға ұмтылуға күш табармыз деп ойладым", – деді әйел.

Көптен күткен сәби 17 қарашада кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Қыздың салмағы 3400 грамм, бойы 52 сантиметр болған.
Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік кезінде ешқандай қиындық туындамаған. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.
Нәрестенің есімін әкесі таңдап, Ария деп атаған.
Күмісай қызының алғашқы дауысын естіген сәтте ерекше сезімге бөленгенін айтады. Қазір ол сәбиінің күтімімен айналысып, отбасына қолдау көрсеткен жандардың бәріне алғысын білдіріп отыр.
Бұл отбасындағы жалғыз қуанышты жаңалық емес. Биыл қыркүйекте ерлі-зайыпты 13 жастағы ұл баланы да асырап алған.




Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России