Добавить новость
103news.com
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда қалай демалады? Демалыс күнтізбесі

0
2026 жылдың соңғы айы қазақстандықтарға апта ортасында қосымша бір демалыс күнін сыйлайды. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан, сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан мерекелік демалыс бір күнге созылады. Бес күндік жұмыс аптасында желтоқсанда 22 жұмыс күні мен 9 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күні болады. Желтоқсанда демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған. Tengri Life демалысты, сапарларды немесе Жаңа жылға дайындықты алдын ала жоспарлауыңыз үшін желтоқсан айына арналған мерекелік және демалыс күндерінің ыңғайлы күнтізбесін ұсынады.2026 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар қалай демалады?
Желтоқсан айында қазақстандықтарды бір мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күні күтіп тұр. 2026 жылы бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан ай ортасында ұзақ демалыс болмайды.
Бес күндік жұмыс аптасында желтоқсанда 9 демалыс күні қарастырылған: сегіз сенбі-жексенбі және 16 желтоқсан. Алты күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар бес күн - төрт жексенбі және мерекелік сәрсенбіде демалады.2026 жылғы желтоқсан күнтізбесі. Иллюстрация: Tengrinews.kz/Серікболсын Әлібеков2026 жылғы 16 желтоқсанда қалай демаламыз?Қазақстанның Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. 2026 жылы мереке сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар жұмыс аптасының ортасында бір қосымша демалыс алады.2022 жылдан бастап Тәуелсіздік күні бір күн - 16 желтоқсанда тойланады. Бұған дейін 16 және 17 желтоқсан мерекелік демалыс күндері болатын.Қазақстанда 1 желтоқсан демалыс күні бола ма?2026 жылы 1 желтоқсан сейсенбіге сәйкес келеді және әдеттегі жұмыс күні болады.
Бұған дейін бұл күні қазақстандықтар мемлекеттік мереке болып саналған Тұңғыш Президент күнін атап өтіп, қосымша демалыс алатын. Алайда 2022 жылы бұл дата мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Сондықтан 1 желтоқсан енді ресми демалыс күні болып саналмайды.
Желтоқсанда демалыс күндері ауыстырыла ма?2026 жылдың желтоқсанында демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылы күндерді ауыстыру болмайтынын хабарлаған еді.
Осылайша, мерекелік сәрсенбі жеке демалыс күні болып қалады, ал оның алдындағы және кейінгі жұмыс күндері сақталады.2026 жылдың желтоқсанында неше жұмыс күні бар?
Жұмыс және демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты.




Кесте
Жұмыс күндері
Демалыс күндері


Бес күндік апта229


Алты күндік апта265



Бес күндік жұмыс аптасында 2026 жылдың желтоқсан айында 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының нормасы 175 сағатты құрайды.2026 жылғы 30 және 31 желтоқсанда жұмыс істейміз бе?
Жылдың соңғы күндері қосымша демалыс болмайды. 30 желтоқсан, сәрсенбі және 31 желтоқсан, бейсенбі жұмыс күндері болып қалады.31 желтоқсан Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейді, сондықтан автоматты түрде демалыс күні болып саналмайды. Дегенмен, жұмыс берушілер қызметкерлер үшін қысқартылған күн, икемді кесте немесе қосымша демалыс күнін өз бетінше қарастыра алады.Қазақстанда 15 және 31 желтоқсанда жұмыс күні қысқара ма?
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында жұмыс күнін қысқарту туралы мәселе туындауы мүмкін.15 желтоқсан, сейсенбі - 16 желтоқсандағы мереке қарсаңындағы қарапайым жұмыс күні. Бұл ретте Қазақстанның Еңбек кодексінде осы мерекелер қарсаңында жұмыс күнін міндетті түрде қысқарту қарастырылмаған.31 желтоқсанға қатысты да жағдай осындай. Десе де, жұмыс беруші өз бастамасымен қысқартылған жұмыс күнін, икемді кестені белгілеуге немесе қызметкерлерге қосымша демалыс уақытын беруге құқылы. Мұндай шешімдер жұмыс берушінің ішкі актісімен ресімделуі мүмкін.
Желтоқсандағы кәсіби мерекелер
Тәуелсіздік күнінен бөлек, желтоқсан айы кәсіби мерекелерге де толы:

5 желтоқсан - Адвокатура күні;6 желтоқсан - Прокуратура күні;13 желтоқсан - Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні;20 желтоқсан - Қазақстанның Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;22 желтоқсан - Энергетиктер күні және Архиившілер күні.

2027 жылғы Жаңа жылда қалай демаламыз?
Жаңа жылдық демалыс 2027 жылдың 1 қаңтарында, жұма күні басталады. 2 қаңтар сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 4 қаңтар, дүйсенбіге ауыстырылады.
Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін (қоса алғанда) демала алады. Келесі мерекелік күн - православиелік Рождество, 7 қаңтар, ол да демалыс күні болып саналады.2027 жылғы қаңтар күнтізбесі. Иллюстрация: Tengrinews.kz/Серікболсын ӘлібековОқушылардың қысқы каникулы қашан болады?Қазақстандық оқушылардың қысқы каникулы 2026 жылғы 28 желтоқсанда басталып, 2027 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда жалғасады.Қазақстандағы 2026/2027 оқу жылына арналған мектеп каникулдарының күнтізбесі. Иллюстрация: Tengrinews.kzОсылайша, жылдың соңғы айы Жаңа жыл мерекесіне алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді, алайда күнтізбеде тікелей Жаңа жыл алдында қосымша демалыс күні қарастырылмаған.
Тағы оқыңыз:Қазақстанда 31 желтоқсан демалыс күні бола ма?2027 жылғы күнтізбе: Қазақстандағы жұмыс және мереке күндері




Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России