Астанадағы құрылыс алаңында өрт шықты: куәгерлер видеоға түсіріп алды
Өрттің видеосын оқырмандар редакцияның WhatsApp нөміріне жолдады.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Нұра ауданындағы Ұлы Дала көшесінің бойында орналасқан салынып жатқан нысан аумағында болған.
"112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде салынып жатқан тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында ашық жалын байқалды. Құрылыс материалдары жанған", - делінген хабарламада.
Сағат 10:45-те ТЖМ 150 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің сөндірілгенін хабарлады. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін Астанада 16 қабатты тұрғын үй өртенді. Өрт 7-қабатта шыққан.
