Даму қоры кепілдік беру талаптарын жеңілдетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Даму Оптима» бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына кірмейтін топқа арналған. Жаңа бағдарлама сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс секілді салаларда қол жетімді. «Даму Оптима» банк алдында кепілзаты жеткіліксіз болған кәсіпкерлерге «Даму» қорының кепілдемесін пайдаланып несие алуға да жағдай жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.