Қазақстан мен Қытай жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 7 маусымында Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (ҚҰМК, CNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илинмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.