Мамыр айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың мамыр айында өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,4%-ға, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату - 0,2%-ға төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен айдағы деңгейде қалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.