Қазақстанда Медицина қызметкерлері күні «Кәсібіңе басымды ием» ұранымен өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстанда Медицина қызметкерлері күні «Кәсібіңе басымды ием» ұранымен өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне арналған баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.