ЭКСПО Қазақстан үшін мақтануды барынша сезінуге мүмкіндік береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан жұртшылығы ғана емес, «болашақ энергиясы» тақырыбына қызығушылық білдіретін әлемдік қауымдастық көптен күткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ресми түрде ашылады. Осыдан тура үш жыл бұрын Астананың сол жағалауындағы қазіргі көрме аймағы жазық дала ған а еді. Сол тұста далада тігілген шатырдың ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев алып құрылыстың капсуласын қадап, ауқымды жобаның басталғанын дүйім жұртқа жариялаған болатын. ҚазАқпарат тілшісі осынау ауқымды жобаның қалай қолға алынғанын тағы бір мәрте еске алып, оның маңыздылығын, саяси-экономикалық тиімділігін сараптап шықты.