Елордадағы Малахов көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малахов көшесінің бойында теміржол төсемін салуға байланысты 2017 жылдың 10 маусымы күні сағат 22:00-ден 11 маусым таңертеңгі сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысына толық шектеу қойылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.