Еуропалықтар ЕО-дан шыққанды дұрыс көрмейді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ елдері азаматтарының басым бөлігі өз елдерінің ЕО-тан кетуін қаламайды. Алайда «нәтиже болар деген үмітпен» мүшелікке қатысты ұлттық референдум өткізу идеясын қолдайды. Мұндай дерек америкалық Pew Research Center ұйымының зерттеулерінде келтірілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.