Қарағанды облысында шегірткемен күрес шаралары жүріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының 90 мың гектардан астам алқаптарында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шараларға қажетті қаражат республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.