Астанада алғаш рет «Ромео мен Джульетта» мюзиклі қазақ тілінде сахналанады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында қазақ тіліндегі алғашқы «Ромео мен Джульетта» қойылымының тұсаукесері өтеді. Тұсаукесерге мюзиклдың музыкасы мен либреттосын жазған әлемге танымал композитор Жерар Пресгурвик қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.