Бейсенбіде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең республиканың орталығының кей жерлерінде тұман түседі.