Түркияда қазақ тарихы мен мәдениетін танытатын музей ашамыз - Динчтүрк Шабан Серкан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда қазақ тарихы мен мәдениетін танытатын музей ашамыз. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақ-Түрік білім, ғылым және зерттеу қауымдастығының төрағасы, «Қазақ елі» журналының бас редакторы Динчтүрк Шабан Серкан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.