Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың қиыр оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Таңертең республиканың солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман күтіледі.