Мейвезер тым көп сөйлеп кетті - Головкин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) FightHubTV арнасына берген сұхбатында Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жек қарсаңында америкалық Флойд Мейвезердің көп сөйлеп кеткенін айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.