Астанада мыңдаған полицейлер төл мерекелерін атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Полиция күніне арналған мерекелік шаралар қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған тәртіп сақшылардың рухына құрмет көрсетуден басталды. Осыдан кейін ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарының түлектеріне лейтенант погондары салтанатты түрде табысталды. Ал "Сарыарқа" велотрегі ғимаратында мыңдаған полицейлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.