Кәріпбек Күйіков жолдарды жөндету үшін картиналарын аукционға қойды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Суретші, АТОМ халықаралық жобасының құрметті елшісі, Семей ядролық полигонының экологияға кері әсері салдарынан мүгедек болып туылған Кәріпбек Күйіков туған жеріндегі жолдарды жөндету үшін өз картиналарын аукционға шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.