Женсенбіде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хаюарлайды Қазгидромет.