4 шілдеде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте тұман болады. Республиканың батысында және оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.