Табиғи монополияларды реттеу, тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің бұйрығымен ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып Майтиев Азамат Бақдәулетұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.