Ақтөбеде бойжеткен көлігімен қағып кеткен жүргінші қаза тапты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, жол жиегіндегі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.