Алматыда өткен велошеруге кездейсоқ келген жігіт басты сыйлықты ұтып алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда осымен 100-ші рет ұйымдастырылған велошеруге 500-ден астам велошабандоз қатысты. Шарада ұйымдастырылған басты сыйлық - велосипедті кездейсоқ келе салған алматылық ұтып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.