Бүгін Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты тағы сот басталады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте Тоқтар Төлешов пен тағы 8 адамға қатысты сот отырысы басталады. Еңбекші аудандық сотында түрмеде жазасын өтеп жатқан сыра зауытының бұрынғы қожайыны экономикалық қылмыстар жасаған деп айыпталуда. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.