Талдықорғанда ЭКСПО көрмесін сылтауратқан алаяқтар жүр
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда белгісіз біреулер қала әкімідігінің атын жамылып, «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында шаһарға құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет деген желеумен халықтан ақша жинап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.