Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы мектеп құрылысын жеделдетуді ескертті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы жұмыс сапарында Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Зағипа Балиева Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы мектеп құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.