Қырғыз Үкімет басшысы президенттікке кандидат ретінде ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) бүгін Бішкекте өткен съез барысында қазіргі премьер-министр Сорронбай Жээнбековтің кандидатурасын Қырғызстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы шешімді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат kabar.kg сайтына сілтеме жасап.