Ұлыбританияның Сауда және инвестициялар министрі Грег Хэндс Қазақстанға келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Сауда және инвестициялар министрі Грег Хэндс Қазақстанға 18 шілде күні келеді. Министр Қазақстан мен Ұлыбританияның арасында жақсы дамыған іскерлік ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуді және Ұлыбританияны бизнес, білім, сауда және инвестициялау үшін таңдалған серіктес ретінде ілгерілетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің бапасөз қызметі.