ОҚО-дағы Отырар төбеден ХІІІ ғасыр жәдігерлері табылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар төбеден ХІІІ ғасыр жәдігерлері табылды. Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары тарихи орыннан Моңғол шапқыншылығы кезіндегі кәріз жүйелері, ыдыстар мен тиындарды тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.